18.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Джейк Пол Майк Тайсонның денсаулығы туралы құпияны ашты

Sport.ua ақпараты бойынша, блогер-шоумен Джейк Пол олардың жекпе-жегі алдында аңызға айналған боксшының денсаулығы туралы күтпеген мәлімдеме жасады.

Майк Тайсон біздің жекпе-жек алдында бақадан жасалған психоделиктерді қолданды және бұл оған Паркинсон ауруын емдеуге көмектесті.

Айта кетерлігі Майк Тайсонның кумирі — аңызға айналған Мухаммед Әли де осы дертпен ауырған ол үдемелі аурудың салдарынан өз мансабын аяқтауға мәжбүр болған.

Еске сала кетейік, шамамен үш ай бұрын (2024-жылдың қарашасында) боксшы-шоумен Джейк Пол төрешілердің бірауызды шешімімен Майк Тайсонды жеңді — 80-72; 79-73, 79-73. Аңызға айналған боксшы үшін бұл кәсіби рингтегі жетінші жеңілісі болды.