Оқу уақыты: 1 мин

Джереми Стивенс UFC-дегі антирекордты қайталады

Джереми Стивенс UFC-дегі антирекордты қайталады

Америкалық ММА ардагері Джереми Стивенс төрт жылдық үзілістен кейін UFC октагонына қайта оралды. Бірақ қайтып келуі сәтсіз аяқталды.

Де-Мойн қаласындағы турнирде 38 жастағы спортшы Уэльс өкілі Мэйсон Джонспен кездесіп, жекпе-жек толық қашықтыққа созылды. Нәтижесінде Стивенс төрешілер шешімімен жеңілді. Бұл оның UFC-дегі 19-шы жеңілісі болып, промоушен тарихындағы ең көп жеңіліске ұшыраған Клей Гуидамен рекордын теңестірді.

Айта кетейік, Стивенс бұған дейін UFC-де соңғы рет 2021 жылы Матеуш Гамротқа бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтылып қалған болатын.