28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті: «Қайратпен» келісімге қол жеткізілді

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті: «Қайратпен» келісімге қол жеткізілді

«Қайрат» футбол клубының әкімшілігі өзінің инстаграм-парақшасы арқылы Алматының Орталық стадионында өтетін Дженнифер Лопестің концертіне қатысты даулы мәселенің шешілгенін хабарлады.

«Қайрат» пен «Женіс» арасындағы Қазақстан Премьер-Лигасының матчы 2025 жылдың 21 қыркүйегіне ауыстырылды, бұл америкалық әншінің 10 тамыздағы өнер көрсетуіне мүмкіндік береді.

«Дженнифер Лопестің концертін өткізу мәселесі бойынша келісімге қол жеткізілді. Көрермендердің жоғары қызығушылығы мен іс-шараның халықаралық маңызын ескере отырып, тараптар матчты ауыстыру туралы шешім қабылдады»

Сонымен қатар, алматылық клубтың жетінші және 12 тамызға белгіленген еурокубок кездесулері өзгеріссіз қалады.