Оқу уақыты: 1 мин

Дженнифер Лопес Орталық стадионға концерт бермекші

Дженнифер Лопес Орталық стадионға концерт бермекші

Әлеуметтік желіде 2025 жылдың 10 тамызында Алматы қаласының Орталық стадионында Дженнифер Лопестің концерт өткізетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Prosports.kz.

16 мамыр күні «Қайрат» ФК Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясынан Орталық стадионды мәдени шараға алдын ала брондау туралы ресми хабарлама алған екен. Ал алматылық ұжым жауап ретінде ол кезде концерт өткізу үшін стадионды пайдалануға болмайтынын хабарлапты. Себебі клубтың Қазақстан Премьер-Лигасы мен еурокубок аясында жоспарланған матчтары бар.

«Қайрат» пен «Жеңіс» арасындағы матч 9 немесе 10 тамызда Орталық стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады. Бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды.

Бұл қарсылыққа қарамастан, Джей Лоның өкілдері концерттің 10 тамызда өтетінін ресми хабарлаған.