25.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джеймс Воулс Netflix-тің Формула-1 танымалдығына әсері туралы айтты

Джеймс Воулс Netflix-тің Формула-1 танымалдығына әсері туралы айтты

Williams командасының басшысы Джеймс Воулс Netflix-тің Drive to Survive деректі сериалының Формула-1 дамуына үлкен әсерін атап өтті.

Алты жыл бұрын басталған танымал жоба көрермендерге чемпионаттың қойын-қонышын ашты — бұл жарыстың жас көрермендер мен америкалық жанкүйерлер арасында танымалдығының өсуіне әкелді. Жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтонның Instagram-да 40,5 миллион жазылушысы бар, Ferrari пилоты Шарль Леклерде — 20,5 миллион, ал Макс Ферстаппенде — 16,2 миллион.

«Мен мұнда атақ үшін келген жоқпын — мені қиындықтар мен рөлдің өзі қызықтырады. Мен бұл спортты жақсы көремін, шын мәнінде, бұл мен білетін жалғыз жұмыс», — деді Воулс Business of Sport подкастында.

«Netflix, шынын айтқанда, бетбұрыс сәті болды, ал Формула-1 туралы фильм — осы жетістіктің жалғасы», — деп қосты Williams басшысы.

Қазіргі уақытта Williams командасы Конструкторлар кубогында 101 ұпаймен бесінші орында тұр.