29.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джейк Пол Анахаймде Хулио Сезар Чавес-кішіні жеңді

Джейк Пол Анахаймде Хулио Сезар Чавес-кішіні жеңді

Анахаймде өткен кәсіби бокс кешінің басты жекпе-жегінде Джейк Пол (12-1) мен Хулио Сезар Чавес-кіші (54-7-1) кездесті.

Жекпе-жек америкалық блогердің сенімді жеңісімен аяқталды — үш төрешінің барлығы 99-91, 97-93 және 98-92 есебімен Полға басымдық берді.

«WBA және WBC мені рейтингтерге енгізуді жоспарлап отыр. Менің мақсатым — чемпион болу», — деді Пол жекпе-жектен кейін.