11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джастин Гэйджи титулдық жекпе-жек болмаса, мансабын аяқтауға дайын

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Джастин Гэйджи титулдық жекпе-жек болмаса, мансабын аяқтауға дайын

Жеңіл салмақтағы UFC жұлдызы Джастин Гэйджи ұйымға ренішін білдірді. Оның айтуынша, ендігі жекпе-жегін тек Чарльз Оливейра мен Илия Топурия арасындағы кездесудің жеңімпазымен өткізгісі келеді. Әйтпесе, спортты доғаратынын мәлімдеді.

Бұл туралы оның менеджері Али Абдельазиз мәлімдеді. Оның сөзінше, Гэйджи титулдық жекпе-жекке толық лайық екенін және кез келген басқа ұсыныстан бас тартатынын жеткізген.

«Мен титул үшін жекпе-жекке лайықпын. Егер ондай мүмкіндік берілмесе, бұл — құрметсіздік. Мен UFC-ді жақсы көрем, бірақ ол махаббат екіжақты болу керек. Жанкүйерлер үшін барымды салып келем. Енді кезек маған келді», – деді Гэйджи.

Айта кетейік, ол соңғы рет 2023 жылы Ислам Махачевпен чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке бір қадам қалғанда жарақат алып, октагоннан шет қалған. Қазір жарақатынан толық айығып, титул үшін шайқасуға дайын екенін мәлімдеуде.

UFC басшылығы бұл талапқа әзірге ресми жауап бермеді. Алайда Гэйджидің ашық мәлімдемесі ұйымға қысым тудырып отыр.