02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джанлуиджи Доннарумма «Манчестер Сити» ойыншысы атанды

Джанлуиджи Доннарумма «Манчестер Сити» ойыншысы атанды

Италия ұлттық құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма ресми түрде ағылшындық «Манчестер Сити» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос тарап 2030 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

«Қалалықтар» 26 жастағы қақпашы үшін «ПСЖ» клубына 30 млн еуро төледі.