29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джанатан Та «Бавария» ойыншысы атанды

Джанатан Та «Бавария» ойыншысы атанды

Джонатан Та мен «Бавария» клубы ресми түрде жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz

Қос тарап 2029 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа отырды. Мюнхендіктер 29 жастағы қорғаушыны еркін агент ретінде қатарына қосты. Сондай-ақ неміс қорғаушысы жаңа клубта 4-нөмірмен өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, Джонатан 2015 жылдан бері «Байер» сапында ойнап келді. Клубпен бірге 2023/24 жылғы маусымда Германия кубогы мен чемпионатында топ жарды.