26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дуглас Жуниор Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дуглас Жуниор Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтады

Қазақстан футзалы тарихындағы үздік сұрмерген Дуглас Жуниор ұлттық құрамамен қоштасты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында ресми түрде мәлімдеді.

36 жастағы ойыншының айтуынша, шешім Италияға қарсы матчтағы (0:2) жеңіліске байланысты емес, ол бұл қадамды отбасымен бірге алдын ала қабылдаған.

«Мен үшін Қазақстан құрамасында өткен 10 жыл – мансабымдағы ең жарқын кезең. Алғашқы ойынымда Боснияға екі гол соқтым және сол сәттен бастап үлкен тарих жасайтынымызға сендім. Қазақ халқының ықыласы әрқашан жүрегімде қалады. Енді құрамамен қоштасамын, бірақ әрқашан жанкүйер боламын. Алға, Қазақстан!» – деді Дуглас.

Ол 2014 жылы Қазақстан құрамасына шақыртылып, осы уақыт ішінде 92 матчта 65 гол соқты. Бұл – ұлттық құрама тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.