Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Дрикус дю Плесси Белал Мұхаммедті сынға алды

UFC-дің орта салмақтағы чемпионы, оңтүстік африкалық Дрикус дю Плесси, жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммедке қатысты өткір пікір білдірді (championat.com).

«Белал өзін орта салмақта титул үшін таласуға лайық адамдай ұстайды. Бірақ UFC оған ешқашан мұндай мүмкіндік бермейді. Ол тіпті промоушенге ұнамайды. X әлеуметтік желісінде ол жекпе-жектен жақсы», — деді дю Плесси.

Сонымен қатар, ол Мұхаммедтің физикалық қасиеттерін келеке етті:

«Онымен жекпе-жек әділетсіз болар еді. Ол – жартылай орта салмақтағы ең кішкентай жауынгер. Тіпті бойының 170 см екеніне сенбедім».

Айта кетейік, бұл дивизионда қазақстандық Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді. Ол чемпион Белал Мұхаммедпен 2025 жылдың мамырында UFC 315 турнирінде кездеседі деп күтілуде.