Оқу уақыты: 1 мин

Дрэйпер мен Рууд Мадридтегі теннис турнирінің финалына шықты

Дрэйпер мен Рууд Мадридтегі теннис турнирінің финалына шықты

8 миллион еуродан астам жүлде қоры бар беделді Mutua Madrid Open — ATP Masters 1000 теннис турнирінде жартылай финалдық кездесулер аяқталды.

Бірінші жартылай финалда британдық теннисші Джек Дрэйпер — италиялық спортшы Лоренцо Музеттиден басым түсті. Екінші жартылай финалда норвегиялық Каспер Рууд — аргентиналық Франсиско Серундолодан жеңіп шықты.

Испания астанасындағы саз корттық турнир — беделді ATP Masters 1000 сериясына кіреді және дәстүрлі түрде әлемнің үздік теннисшілерін жинайды.