20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дрейк 800 мың доллар ұтылып қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дрейк 800 мың доллар ұтылып қалды

Канадалық рэпер және музыкант Дрейк (шын есімі — Обри Дрейк Грэм) NBA финалының алтыншы ойынына жасаған ірі ставкадан айырылып қалды. Ол «Оклахома-Сити Тандер» клубының жеңісіне 800 мың доллар қойған еді. Алайда Оклахома бұл матчта «Индиана Пэйсерстен» 91:108 есебімен ойсырай ұтылды.

Айта кетейік, осы нәтижеден кейін финал сериясындағы есеп 3:3-ке теңесті. Чемпиондық тағдырын шешетін жетінші ойын 23 маусым күні Оклахома-Ситиде өтеді.