02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ДР Конго құрамасының қорғаушысы Мбемба «Лилль» ойыншысы атанды

ДР Конго құрамасының қорғаушысы Мбемба «Лилль» ойыншысы атанды

Шансель Мбемба ресми түрде француздық «Лилльдің» ойыншысы атанды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

ДР Конго құрамасының 31 жастағы қорғаушысы командаға еркін агент құқығымен қосылды — оның «Марсельмен» бұрынғы келісімшарты осы жазда аяқталған.

Тәжірибелі футболшы марсель клубының басшылығымен келіспеушілік салдарынан өткен маусымды клубтық деңгейде өткізіп алды, алайда ұлттық құрама сапында ойнауын жалғастырды. Мбембаның «Лилльмен» жаңа келісімшарты бір маусымға есептелген.