09.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дорофеевтің голы «Атырауды» жеңілістен құтқарды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дорофеевтің голы «Атырауды» жеңілістен құтқарды

ҚПЛ-дың 20-туры аясында турнир кестесінің төменгі жағындағы екі команда — «Атырау» мен «Тұран» тең тарқасты.

Ойындағы есепті 56-минутта қонақтар сапынан Назымханов ашты — 0:1. Алайда матчтың 85-минутында Дорофеев көзге түсіп, алаң иелеріне маңызды бір ұпай сыйлады — 1:1.

Бұл нәтиже екі ұжымға да турнирдегі жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берген жоқ.