27.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Допты хоккейден ел біріншілігі: «Ақжайық» командасы өз тобында көш бастады

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Орынбордың «Локомотивін» қабылдады. Бұл туралы prosports.kz жазды.

Ойын оралдық хоккейшілердің айқын басымдылығымен өтті. Николай Шавалдиннің шәкірттері 20:3 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайық» сапындағы ресейлік шабуылшы Максим Пахомов 10 голдың авторы атанды. Рауан Исалиев «Локомотив» қақпасына 4 доп енгізді. Команда капитаны Максим Өтебалиев пен Самат Аманшин екі-екіден, Павел Чебаков пен Нұрбол Бөкешов бір-бірден көзге түсті.

Осы матчтан кейін 42 ұпай жинаған оралдық клуб өз тобында көш бастады.

Дүйсенбі күні қос команда екінші кездесуін өткізеді.