08.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Доминик Собослаи «Ливерпульмен» келісімін екі жылға ұзартпақ

Доминик Собослаи «Ливерпульмен» келісімін екі жылға ұзартпақ

«Ливерпуль» жартылай қорғаушы Доминик Собослаимен жаңа ұзақмерзімді келісімшарт туралы ресми келіссөздерді бастауға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz Goal порталына сілтеме жасап.

Журналист Фабрицио Романоның ақпаратына сүйенсек, 25 жастағы венгриялық ойыншының қазіргі келісімі 2028 жылдың жазына дейін күшінде. Клуб оны тағы екі жылға ұзартуды жоспарлап отыр, ал жалақысы едәуір көбеймек.

Собослаи «Ливерпуль» сапына 2023 жылдың жазында қосылған. Қазіргі маусымда ол барлық турнирлерде 15 матч өткізіп, 2 гол және 5 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt дерегінше, футболшының нарықтық құны — 85 миллион еуро