30.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дмитрий Огай: біздің жағдайда топ-бапкер таңдау қажет емес

Танымал бапкер Дмитрий Огай Қазақстан құрамасының бас бапкерін таңдау мәселесіне қатысты пікірін білдірді, деп жазды Aladop.kz.

«Черчесовты шақырудың ешқандай мән-мағынасын түсіне алғам жоқ. Біздің жағдайда топ-бапкер таңдау қажет емес. Ол не істей алады? Әлем біріншілігіне шығара ма? Черчесовты шақырған кезде де барлығы алдын-ала белгілі еді. Түпкі нәтиже де анық болатын. Ашығын айтсақ, бұл жай ғана ессіздік қой. Ал енді әрине жергілікті мамандар арасынан алып қарасақ, олардың кейбірі өте жас. Олар мандытып әлі жұмыс та істеп көрмеген. Бұл біздегі футболдың деңгейінен хабар береді. Біз әлдекімді өзіміз білмейтін мақсаттар үшін шақырып не істеп жүргенімізді түсінбей әлекпіз», — деген болатын Д. Огай.

Өткен аптада ҚФФ басшылығы мен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған Станислав Черчесов екі жақты келісіммен келісімшартты үзген болатын. Қазір отандық менеджерлен құрама тізгінін сеніп тапсыратын маманды таңдау үстінде. Біраз басылым Қазақстанның бас бапкерлігіне отандық екі маман мен бірн шетелдік жаттықтырушы үміткер деп жазды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!