Оқу уақыты: 1 мин

Дмитрий Бивол Қырғызстанның жастар құрамасын АЧ-2025 медальдарымен құттықтады

Дмитрий Бивол Қырғызстанның жастар құрамасын АЧ-2025 медальдарымен құттықтады

WBA, IBF, WBO нұсқалары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Бивол Коломбодағы Азия чемпионатында Қырғызстан жастар құрамасының жетістігіне үн қатты, деп хабарлайды Shaiba.kz.

«Қырғызстан мен Bivol Boxing Club боксшыларын құттықтаймын», — деп жазды Қырғызстан тумасы әлеуметтік желілерде.

Ресейлік чемпионның атындағы мектептің тәрбиеленушілері Шри-Ланкада құрлықтық біріншілікте үш медаль жеңіп алды. Автандилов Азирет 86 кг салмақта қазақстандық Нұрсұлтан Қыстаубайды 3:2 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды.

Құрама қоржынына күміс медальдарды салғандар:

  • Данил Булавкин — 57 кг салмақта Нығман Нығметтен жеңілді
  • Мұхамед Әлімбеков — 63,5 кг салмақта Мұхит Нұрқабылұлынан жеңілді