11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дмитрий Бивол келесі қарсыласы туралы айтты

Жартылай ауыр салмақта (79,4 кг дейін) әлемнің абсолют чемпионы Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) болашақ жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Championat.com.

— Әзірге жаңа мақсат қойған жоқпыз. Кем дегенде реванш туралы жаңалықтарды күтудеміз. Қазір осы бағытта қозғалып жатырмыз, бірақ толық келіссөздер болған жоқ. Мен үшін басымдық — Бетербиевпен трилогия жасау. Егер Артур реванш алғысы келсе, мәселені түпкілікті шешу үшін трилогия өткізген дұрыс, — деді Бивол.

Ресейлік боксшы Артур Бетербиевпен қарсыластықты нақты шешімге жеткізу үшін соңғы жекпе-жек өткізгісі келетінін атап өтті.