Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Дмитрий Бивол қазақ боксының мықтылығын мойындады

Бокстан экс-абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Бивол Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдегі спортшыларды даярлау жүйесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Мемлекет қолдауынсыз чемпиондарды тәрбиелеу мүмкін емес. Мен қарап жүрмін. Жігіттер мықты, ынтасы бар. Олар Қазақстан, Өзбекстан немесе Ресей спортшыларынан кем емес. Бірақ неге көршілерімізде Олимпиада чемпиондары бар? Бізде жоқ? Олар жиі оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырады, жарыстарға жиі қатысады. Барлығы қарапайым дүниеге байланысты», — деді Бивол YouTube-тағы «Exclusive KG» арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қырғызстан тумасы Дмитрий Бивол 2024 жылдың ақпанында ресейлік Артур Бетербиевті жеңіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды. Алайда сәуір айында WBC ұйымы оны америкалық Давид Бенавидеске қарсы титулды қорғаудан бас тартқаны үшін, чемпион атағынан айырды.