27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дмитрий Уппер: «Кирилл Ляпунов КХЛ-де тұрақты ойнай алады»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дмитрий Уппер: «Кирилл Ляпунов КХЛ-де тұрақты ойнай алады»

«Барыстың» және Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Дмитрий Уппер жас шабуылшы Кирилл Ляпуновтың болашағына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

— Қаржылық мүмкіндік болса, сапалы ойыншылар да келеді. Қазір жас хоккейшілер бар. Мен жастар арасындағы әлем чемпионаттарын жиі қараймын. Қыста Оттавада өткен турнирде Кирилл Ляпуновтың ойыны ұнады. Ол ерекше стильде ойнайды, егер дұрыс көзқараспен жұмыс істесе, ҚХЛ-де тұрақты өнер көрсетуге қабілетті. Бірақ команда үнемі жеңіліп жатса, бұл психологиялық тұрғыда әсер етуі мүмкін, — деді Уппер.

20 жастағы Кирилл Ляпунов өткен маусымда ҚХЛ-де дебют жасап, 16 матчта бір шайба соғып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.