31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дмитрий Огай «Астана» мен «Ақтөбенің» Конференция лигасындағы мүмкіндігін бағалады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дмитрий Огай «Астана» мен «Ақтөбенің» Конференция лигасындағы мүмкіндігін бағалады

Қазақстандық белгілі бапкер және футбол сарапшысы Дмитрий Огай Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен «Ақтөбенің» жауапты матчтарына қатысты пікір білдірді. Оның сөзін BorodAbata.kz келтіреді.

Маманның айтуынша, алғашқы ойында «Зимбрумен» 1:1 есебімен тең түскен «Астана» келесі кезеңге өтуге жақсы мүмкіндікке ие.

«Бірінші ойынға қарағанда, „Астана“ өз қарсыласын өтуі тиіс. Матчтың соңына қарай команда өз деңгейін көрсетті, „Зимбрудан“ мықтырақ екенін дәлелдеді. Дегенмен, қарымта кездесуде алаң иелері жанкүйерлердің қолдауына ие болады, бұл белгілі бір қиындық тудыруы мүмкін», – деді Огай.

Ал алғашқы ойында «Спартаны» 2:1 есебімен жеңген «Ақтөбеге» қатысты сарапшы абайлап пікір білдірді. Ол ҚПЛ өкілінің алғашқы ойынында ауа райы мен алаң жағдайы чех клубының шынайы әлеуетін толық бағалауға мүмкіндік бермегенін айтты.

«Алғашқы ойынды толық бағалау қиын болды, себебі ауа райы мен алаңның сапасы ойынды тежеді. Дегенмен, жекелеген сәттерден-ақ „Спартаның“ ұйымдасқан әрі жылдам команда екенін байқауға болады. Прагада „Ақтөбеге“ өте қиын болады. Бірақ әрқашан мүмкіндік бар – бәрін нақты күнгі ойын шешеді», – деп қосты Огай.

Еске сала кетейік, жауапты матчтар 31 шілдеде өтеді. «Астана» Кишиневте «Зимбрумен», ал «Ақтөбе» Прагада «Спартаға» қарсы ойнайды. Жеңімпаздар Конференция лигасының топтық кезеңіне өту жолындағы күресті жалғастырады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!