31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дмитрий Катаев КХЛ клубына бапкер болып барды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дмитрий Катаев КХЛ клубына бапкер болып барды

Бұрын «Арлан» мен «Хумо» командаларын жаттықтырған Дмитрий Катаев Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) «Адмирал» клубының бапкерлік штабына қосылды.

35 жастағы маман кәсіби клубтарда бапкерлік жұмысын 2019/20 маусымында бастаған. Алдымен Жоғары хоккей лигасындағы ORG командасында көмекші болды. Екі жылдан соң Көкшетаудың «Арланын» тізгіндеп, екінші маусымында клубты Pro Hokei Ligasy чемпиондығына жеткізді және маусымның үздік бапкері атанды.

Өткен маусымда Дмитрий Катаев Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін Ташкенттің «Хумо» клубын басқарды.

Айта кетейік, ҚХЛ-дағы «Адмирал» клубының бас бапкері – Леонид Тамбиев.