23.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дияр Нұрғожай UFC-де қатарынан екінші жеңілісіне ұшырады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дияр Нұрғожай UFC-де қатарынан екінші жеңілісіне ұшырады

23 тамызда Шанхайда өткен UFC турнирінде қазақстандық жартылай ауыр салмақ өкілі Дияр Нұрғожай (10–2) қырғызстандық Ұран Сатыбалдиевтен бірінші раундта жеңілді, деп хабарлайды Sport Pulse. Бұл Нұрғожайдың UFC-дегі екінші жекпе-жегі және қатарынан екінші жеңілісі болды (ұйым аясындағы көрсеткіші – 0–2).