16.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебютында жеңіліске ұшырады

Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы файтер Дияр Нұрғожай (10-0) 16 наурыз күні таңғы уақытта АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Vegas 104 турнирінде UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыздың қарсыласы бразилиялық Брэндсон Рибейро (16-7) болды.

Бірінші раунд тартысты өтті, алайда соңына қарай бразилиялық файтер күтпеген жерден Нұрғожайды ауыр оң қол соққысымен нокдаунға түсірді.

Екінші раундтың басында қазақстандық спортшы қарсыласының арқасын бақылауға алды, бірақ Рибейро қиын жағдайдан сытылып шығып, ауырту әдісін қолданды. Осылайша, Дияр Нұрғожай мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Нұрғожай жартылай ауыр салмақ лимитінен асып кеткендіктен, өзінің гонорарының 25%-ын қарсыласына береді.