22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі екінші жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі екінші жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Шанхайда өтетін UFC Fight Night турнирінің алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсіміне қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның салмағы 92,98 келі болса, қарсыласы қырғызстандық Уран Сатыбалдиев 92,53 келіні көрсетті.

Нұрғожай-Сатыбалдиев жекпе-жегі ертең өтеді.

Еске салайық, Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі дебютін биылғы жылдың наурыз айында өткізіп, екінші раундта бразилиялық Брэдсон Рибейродан техникалық нокаутпен ұтылған болатын.