05.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Диого Далот Португалияның алдағы ойындарына көмектесе алмайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Диого Далот Португалияның алдағы ойындарына көмектесе алмайды

Португалия құрамасынан «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Диого Далот құрамадан шығып қалды, деп хабарлайды A Bola.

Футболшыда бұлшықетінде жайсыздық сезілгендіктен, дәрігерлер оны ұлттық команда сапынан босатты. Далот алдағы Әлем чемпионаты-2026 іріктеу ойындары — Армения және Венгрияға қарсы матчтарға қатыспайды. Ол қазірдің өзінде клубының қарамағына оралды.

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Рубен Аморим бұл жағдайды түсіністікпен қабылдады. Себебі командада жарақат алған ойыншылар жетерлік, Матеус Кунья мен Мейсон Маунт жуырдағы «Бернлимен» өткен кездесуде жарақат алған еді.