15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дінмұхамед Қараман «Доп Әңгіме» шоуында: Винисиус «Реалдан» кетуі керек

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дінмұхамед Қараман «Доп Әңгіме» шоуында: Винисиус «Реалдан» кетуі керек

YouTube-тағы Sport Pulse Live арнасында жаңа жобаның алғашқы шығарылымы жарық көрді. «Доп Әңгіме» деп аталатын бағдарламаға қонақ болып «Жеңіс» клубының жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман қатысты.

Футбол жайлы ойлары

Бағдарлама барысында Қараман еуропалық клубтардың трансферлерін бағалап, өз пікірлерін айтты. Ол жазғы науқанда лондондық «Арсеналдың» жұмысын жоғары бағалады. Футболшыны ең қатты таңғалдырған трансфер — Маркус Рэшфордтың «Барселонаға» өтуі.

Қараман мадридтік «Реалға» қатысты пікір білдіріп, бразилиялық Винисиус Жуниорды сататын уақыт келгенін айтты:
«Винисиус «Реалдан» кетуі керек, өйткені ол плакса», – деді ол.

Жеке өмір және футбол

Футболшы жүргізушілер қойған жеке сұрақтарға да жауап берді. Болашақ жарының футбол саласынан болуын қаламайтынын атап өтті:
«Өмірімде футбол жеткілікті. Ағам футболшы, бүкіл отбасы футболды жақсы көреді. Бірақ болжамаймын, бәрі Алланың қолында», – деді Қараман.

Зайнутдиновтің трансфері туралы

Қараман жерлесі Бақтиер Зайнутдиновтің «Динамоға» ауысуына қолдау білдірді.
«Жақсы болды, ол енді ойнап, бабына келеді. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен плюс. Ресей чемпионатын біледі, бейімделуі қиын болмайды. Сәттілік тілеймін», – деді ол.

Жаңа жоба

«Доп Әңгіме» шоуын Ерболат Қарақойшы, Бағдаулет Ерғали және Еліназ Ынтымаққызы жүргізеді. Жобада қонақтар футбол тақырыбында пікір білдіріп қана қоймай, ойындар ойнап, жұмбақтарды шешеді.

Бағдарламаның толық нұсқасын YouTube-тағы Sport Pulse Live арнасынан көруге болады.