19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Динара Сәтжан Шымкент әкімінің сөзіне қатысты: Бұл – кәсіби емес қадам

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Белгілі Қазақстандық тележүргізуші және блогер Динара Сәтжан Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің мәлімдемесіне қатысты өткір пікір білдірді. Әкім «Ордабасы» жартылай қорғаушысы және Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің жалақысын ашық жариялап, оның айына 20 миллион теңге алатынын айтқан болатын.

Алайда, Сәтжан бұл қадамды сынға алып, жарияланған соманың шынайылығына күмән келтірді және оны «кәсіби емес әрекет» деп атады.

«Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің Асхат Тағыбергеннің жалақысын жариялауы – өте орынсыз қадам. Біріншіден, әкім айтқан сома, менің білуімше, тым жоғары көрсетілген. Екіншіден, келісімшарт – құпия құжат емес пе?! Үшіншіден, клубты Асхатпен келісімшарт жасауға біреу мәжбүрледі ме? Менің ойымша, Асхат сияқты қазақ жігіттері болашақ футболшылар үшін үлгі болуы керек. Легионерлерге үлкен жалақы төленсе, неге өз футболшыларымызға болмайды?» – деп жазды Сәтжан әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, ол Тағыбергеннің соңғы үш жыл бойы Қазақстан құрамасының капитаны болып келе жатқанын, осы уақыт ішінде үш түрлі бас бапкермен жұмыс істегенін және 2023 жылы «Ордабасының» Қазақстан чемпионы атануына зор үлес қосқанын атап өтті.