11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Динамо» Бактиер Зайнутдиновқа қызығушылық білдіріп отыр

«Динамо» Бактиер Зайнутдиновқа қызығушылық білдіріп отыр

Ресейлік «Динамо» Қазақстан футбол құрамасы мен Түркияның «Бешикташ» қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтың қызығушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл жөнінде Şafak Malatya мәлім етті.

қазір футболшының трансфері жөнінде келіссөз жүргізілуде.

«Динамодан» басқа оған Ресейдің «Зенит» және «Краснодар» қызығушылық танытуда. Алайда мәскеулік клуб тиімді шарттарды ұсынып отыр.

Қазақстандық 26-жастағы футболшының түркиялық клубпен келісім шарты 2027 жылдың жазына дейін жасалған. Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Ыстанбұл клубы ойыншының ауысуы үшін мәскеулік ЦСКА-ға 4,5 млн еуро төледі. Оның жалақысы бір маусымда шамамен 1,2 млн еуроны құрайды.

Қазақстандық футболшы 2020 жылдан бері Мәскеудің ЦСКА клубында ойнады. Үш жылда ЦСКА үшін 83 матч өткізіп, 7 гол соқты.