Оқу уақыты: 1 мин

Дин Хёйсен «Реал Мадридке» ауысуға жақын

Дин Хёйсен «Реал Мадридке» ауысуға жақын

BBC Sport хабарлауынша, «Борнмут» қорғаушысы Дин Хёйсен мадридтік «Реалға» ауысу қарсаңында тұр. Испандық клуб 20 жастағы орталық қорғаушы үшін 50 миллион фунт стерлинг көлемінде өтемақы төлеуге дайын.

Трансфер сомасы үш бөлікпен төленеді:

  • 10% — бұрынғы клубы «Ювентусқа»
  • 5% — «Малагаға» беріледі

Испания құрамасы сапында көктемде дебют жасаған Хёйсен «Реалмен» жеке келісімшарт талаптарын талқылап жатыр. Трансферді АҚШ-та өтетін клубтық әлем чемпионатына дейін аяқтау жоспарланған.

Болашақ бас бапкер Хаби Алонсо бұл трансферді жеке өзі талап еткен, ал басқа клубтар — «Челси», «Ливерпуль», «Арсенал» және «Ньюкасл» — бәсекеден тыс қалған.

— Мен Динге ешқандай шектеу көріп тұрған жоқпын. Ол Премьер-лигада керемет маусым өткізді және келесі қадамға дайын. Оның болашағы жарқын, — деді Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте.

Хёйсен өткен жазда «Борнмутқа» 12,6 миллион фунтқа ауысып, барлық турнирлерде 34 матч өткізіп, 3 гол соқты.