25.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Димитар Бербатов «Манчестер Юнайтедке» керек екі шабуылшыны атады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Димитар Бербатов «Манчестер Юнайтедке» керек екі шабуылшыны атады

Астанадағы Аңыздар матчы алдындағы баспасөз мәслихатында Димитар Бербатов «Манчестер Юнайтедке» қандай шабуылшылар қажет екенін айтты.

«Нақты айту қиын, бірақ тоғыздыққа бұрыннан Виктор Осимхенді алуға болатынын айтып жүрмін. Қазір де көп гол соғып, жақсы өнер көрсетуде. Сондай-ақ Виктор Дьокереш те ғаламат ойнап жүр. Топырлатып гол соғып, үздік сұрмерген атануға жақын. Бірақ АПЛ басқа лигалардан бөлек. Өзіңнің шын мықты екеніңді Премьер-лигада ойнап қана дәлелдей аласың. Ал, менің ойымша, жаңа атаған екі футболшы «Ман Юнайтедтің» тоғыздығы болуға лайық. Бапкердің қандай шешім қабылдайтынын білмеймін. Алайда шабуылшы алуға міндетті деп ойлаймын», – деді Бербатов.

Айта кетейік, Димитар Бербатов «қызыл сойқандар» сапында 149 матч өткізіп, 56 гол соғып, 27 нәтижелі пас берген.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!