26.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дидар Сыдықбек – «Атырау» футбол клубының жаңа бас менеджері

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық футбол менеджментіндегі жас әрі білікті маман Дидар Бақытбекұлы Сыдықбек «Атырау» футбол клубының бас менеджері болып тағайындалды.

32 жастағы Алматылық экс-футболшы карьерасында «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарының намысын қорғап, кейіннен футбол менеджменті мен талдау саласында табысты еңбек етті. Ол «Прогресс KZ» талдау қызметінің жетекшісі, «ИТЦ» АҚ бақылау бөлімінің маманы және «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының» жобалық кеңсе үйлестірушісі қызметтерін атқарған.

Футболдағы басқарушылық мансабын SD Family Group директоры ретінде бастап, өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен стратегиялық көзқарасының арқасында Қазақстан Медиа-футбол федерациясының президенті деңгейіне дейін көтерілді. Сонымен қатар, ол «Астана» футзал клубының директоры қызметін атқарып, команданың дамуына зор үлес қосты. Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясы жүзеге асырған «Алаң» инфрақұрылымдық жобасының кеңесшісі ретінде де маңызды еңбек етті.