«Романың» ресми сайтының хабарлауынша, Пауло Дибала сол санының жартылай сіңірлі бұлшық етінің жарақатына байланысты хирургиялық емдеуден өтеді.
«Футболшы мен клуб оңтайлы қалпына келтіру үшін бұл ең жақсы нұсқа деген ортақ келісімге келді», — делінген Рим клубының мәлімдемесінде.
Аргентиналық жартылай қорғаушы А Сериясының 29-шы турындағы «Кальяриге» қарсы матчта жарақат алды, ойыншы алаңда небәрі 11 минут болды, 64-ші минутта ауыстыруға шығып, 75-ші минутта алаңнан кетті.
Биылғы маусымда Дибала Италия чемпионатының 24 матчына қатысты — оның еншісінде 6 гол мен 3 нәтижелі пас бар. Жартылай қорғаушының ағымдағы маусымның қалған барлық ойындарын өткізіп алатыны күтілуде.