05.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Диана Шнайдер Александр Бубликті ең тартымды теннисшілер тізімінде екінші орынға қойды

Диана Шнайдер Александр Бубликті ең тартымды теннисшілер тізімінде екінші орынға қойды

Әлемнің 21-ракеткасы, ресейлік теннисші Диана Шнайдер YouTube-тағы First&Red арнасында теннисшілердің тартымдылық рейтингісін жасап, қазақстандық Александр Бубликті екінші орынға қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шнайдер тізімді алдын ала білмей, әр ойыншыны бірден бағалау шартымен құрған. Оның тізімі мынадай болды:

 

  1. Марат Сафин («Өзінің прайм кезінде керемет еді», – деді Шнайдер).
  2. Александр Бублик.
  3. Александр Зверев («Тек шашын қысқартса жақсы болар еді», – деп әзілдеді ол).
  4. Григор Димитров.
  5. Карен Хачанов.
  6. Новак Джокович.
  7. Маттео Берреттини.
  8. Хольгер Руне.

Айта кетейік, Диана Шнайдер биыл WTA-500 санатындағы Монтеррей турнирінде (Мексика) чемпион атанды. Сондай-ақ Мирра Андреевамен бірге Брисбен мен Майамидегі жұптық жарыстарда жеңімпаз болған. Екі ресейлік теннисші WTA финалына жолдама алғанымен, жартылай финалға шыға алмады.