01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Диана Серікбаева Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Диана Серікбаева Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Бангкокте World Boxing U19 құрлықтық біріншілік басталды, деп хабарлайды Prosports.kz

48 келіге дейінгі салмақта Диана Серікбаева бірінші айналымда Оңтүстік Корея өкілі Юнджи Киммен кездесті.

Бірінші раундтың өзінде-ақ төреші корейге екі нокдаунды санады, кейін жекпе-жекті тоқтатты. Нәтиже: Серікбаеваның мерзімінен бұрын жеңісі.

Жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында Диана Жапония өкілі Момоко Хасебемен кездеседі.