20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Диалло Манчестер Юнайтедтің жаңа маусымдағы мақсаттары туралы айтты

Диалло Манчестер Юнайтедтің жаңа маусымдағы мақсаттары туралы айтты

Жартылай қорғаушы Амад Диалло сенбідегі «Лидспен» өткен достық кездесуде тең ойыннан кейін «Манчестер Юнайтедтің» болашағы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды The Athletic.

«Үздік бестікке кіру — жақсы нәтиже болады, біз осыған лайықтымыз. Маусым соңында үздік бестіктің қатарында боламыз деп үміттенемін», — деді Диалло.

«Қызыл жындылардың» жартылай қорғаушысы клуб жанкүйерлеріне де үндеу жасады:

«Сабыр сақтау керек — бізде жаңа бапкер, жаңа ойыншылар және жаңа тактика бар. Өткен маусым оңай болған жоқ, бірақ биыл біз үлкен жетістіктерге жетуге ниеттіміз».