12.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дэвис кубогы: Оңтүстік Кореямен ойында Шевченко Қазақстанды есепте алға шығарды

Дэвис кубогы: Оңтүстік Кореямен ойында Шевченко Қазақстанды есепте алға шығарды

Чхунчхон қаласында теннистен Дэвис кубогы аясында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчы басталды.

Кортқа әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко мен дүниежүзілік рейтингіде 379-орында тұрған Чон Хён шықты.

Чон 2018 жылы Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, рейтингіде 19-сатыға көтерілген. Бұл кездесуде Шевченко 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты.

Бұған дейін қос құрама екі рет кездескен. 2007 жылы Корея 5:0 есебімен жеңген еді. Кейін 2010 жылы Қазақстан Астанада дәл сондай есеппен қарымта қайтарған.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!