Оқу уақыты: 1 мин

Дэвис кубогының іріктеу турнирі: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен ойнайды

Дэвис кубогының іріктеу турнирі: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен ойнайды

Шымкент қаласында Belline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде ширек финалға шыққан құрамалар анықталды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жартылай финалға шығу үшін Жапония командасымен таласады.

Кеше Сергей Квактың шәкірттері Иранды 2:1 есебімен тізе бүктірген еді. Бүгін дәл сондай есеппен Қытайға есе жіберді. Осылайша, қазақстандық жасөспірімдер өз тобынан ширек финалға екінші орынмен шықты.

Жеребе қорытындысы бойынша ертең сондай-ақ Аустралия – Қытай, Қытайлық Тайбэй – Өзбекстан, Корея – Гонконг құрамалары өзара кездеседі. Үздік төрт команда жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады. 

 Демеушілер:

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған əсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!