13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Девин Броссо Мәскеу «Динамосының» ойыншысы атанды

Девин Броссо Мәскеу «Динамосының» ойыншысы атанды

«Спорт-Экспресс» мәліметінше, Мәскеу «Динамосы» шабуылшы Девин Броссомен келісімшартқа отырды — келісім бір маусымға жасалып, жылдық жалақысы 50 миллион рубльді құрайды.

29 жастағы шабуылшы өткен маусымда Хабаровск «Амурының» намысын қорғады — КХЛ тұрақты чемпионатының 33 ойынында канадалық шабуылшы 22 ұпай жинап, оның 13-і гол, 9-ы нәтижелі пас болды.