25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дэвид Хэй суперауыр салмақ өкілі Мозес Итаумаға жоғары баға берді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дэвид Хэй суперауыр салмақ өкілі Мозес Итаумаға жоғары баға берді

Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Дэвид Хэй британдық суперауыр салмақ өкілі Мозес Итаумаға (13–0, 11 КО) жоғары баға берді. iFL TV арнасына берген сұхбатында ол: «Ол барлығын жеңеді деп ойлаймын. Оны тоқтата алатын жалғыз боксшы — Усик. Мозестің Уайтқа қарсы жеңісін ескерсек, нақты мүмкіндік тек Усикте. Бұл күлкілі естілер, бірақ оның стилінде әлсіз жер көрмеймін», — деді.

Айта кетейік, Итаума — жасы 20-дағы талант. Ол 2023 жылы кәсіби рингте дебют жасап, 13 жекпе-жектің 11-ін мерзімінен бұрын аяқтады. Тамыз айында бұрынғы титул үміткері Диллиан Уайтты нокаутпен жеңіп, өзіне ерекше назар аудартты.