21.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дешам Францияның Хорватиядан жеңілу себебін түсіндірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде «Франция» мен «Хорватия» кездесті. «Хорватия» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам жеңілістің себебін түсіндірді:

«Біз ойынды жақсы бастадық, бірақ доп жоғалту мен техникалық қателіктер жібердік. Қарсыласқа мүмкіндік беріп қойдық. Екінші таймда әлдеқайда жақсы ойнадық. Майк Меньян пенальтиден қайтарды, содан кейін ойын жанданды. Дегенмен, біз допты қайта жоғалтумен болдық. Екінші таймда қажетті әрекеттер жасадық, бірақ мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Бірінші матчта жеңілдік, енді үйдегі ойында жеңіске жетуге тырысамыз. Бірінші таймда өз деңгейімізден төмен ойнадық. Жағдайды өзгерту үшін бәрін жасаймыз. Алғашқы таймда жіберген қателіктеріміз үшін қарсылас бізді жазалады. Техникалық қателіктер тым көп болды» – деді Дешам.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!