28.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Денвер ойыншысы Йокич 65 жылдық тарихи жетістікті қайталады

Денвер ойыншысы Йокич 65 жылдық тарихи жетістікті қайталады

ESPN мәліметінше, «Денвер Наггетс» командасының орталық шабуылшысы Никола Йокич — НБА тарихында маусымды қатарынан үш трипл-даблмен бастаған үшінші ойыншы.

«Миннесотаға» қарсы ойында серб баскетболшысы керемет көрсеткішке қол жеткізді: 25 ұпай, 19 қайта шығу және 10 нәтижелі пас. НБА-ның үш дүркін MVP иегері алаңда 36 минут ішінде 10 лақтырудың 9-ын сәтті орындады.

Йокичке дейін мұндай жетістікке тек екі аңызға айналған ойыншы — Оскар Робертсон 1960/61 маусымында және Расселл Уэстбрук 2020/21 чемпионатында қол жеткізген.

Маусымның алғашқы екі ойынында серб орталық шабуылшысы сәйкесінше 21 ұпай, 13 қайта шығу, 10 пас және 14 ұпай, 14 қайта шығу, 15 пас жинады.