Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Денвер бапкері Йокичтің рекордтық жетістігіне тәнті болды

Майкл Мэлоун Никола Йокичтің «Индианаға» қарсы ойынын жоғары бағалады. Сербиялық баскетболшы бұл кездесуде жеке рекорд орнатып, 19 нәтижелі пас берді.

«Никола – керемет ойыншы, алаңда істей алмайтын нәрсесі жоқ. Ең тамашасы – бұл тіпті 19 пас емес, оның командаластарын жақсарта түскенде алатын қанағаты мен қуанышы», – деді «Денвер» бас бапкері.

Мэлоун сондай-ақ, осындай деңгейдегі супержұлдыз үшін сирек кездесетін қасиеттердің бірі – командалық рух пен қарапайымдылық екенін атап өтті. «Ол жеке жетістіктерден гөрі маңыздырақ мақсаттар бар екенін түсінеді», – деп қосты маман.

«Тіпті матчтың ең шиеленіскен сәтінде де білесің: доп оған тисе, бір жақсы нәрсе болады», – деп түйіндеді бапкер.