Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің финалына шықты

Айнат Қабидулла
Айнат Қабидулла Тілші
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Португалияның Эшторил қаласында өтетін Millennium Estoril Open ATP Challenger турниріне іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың жартылай финалында Денис Евсеев (АТР: 258) үндістандық теннисші Манас Дамнені (АТР: 760) тізе бүктірді.

Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Евсеев 4 эйс пен 5 брейк жасап, қос қателікке еш бой алдырмады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:0; 6:3) есебімен басым түсті.

Енді Денис Евсеев турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін италиялық Джованни Фонионы (АТР: 372) жеңу керек.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 227 мың еуроны құрайды.