Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Денис Евсеев Португалиядағы челленджердің негізгі сеткасына өтті

ATP рейтингінде 257-орында тұрған қазақстандық теннисші Денис Евсеев Португалияның Оэйраш қаласындағы челленджердің іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Іріктеу кезеңінің шешуші матчында қазақстандықтың қарсыласы — венгриялық теннисші Жомбор Пирош (ATP 270) — турнирден шығып қалды, осылайша Евсеев жарыстың негізгі сеткасына жолдама алды.

Іріктеу финалына дейінгі жолда Қазақстан өкілі корт иесі Франсишку Рошаны (ATP 711) 6:2, 6:3 есебімен сенімді жеңді.

Оэйраштағы турнирдің жүлде қоры 181 250 еуроны құрайды — жекелей сында жеңімпаз 9 010 еуро мен 125 рейтингтік ұпай иеленеді.