08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Деле Алли карьерасын аяқтамайды — футболшы басқа клуб іздеп жатыр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Деле Алли карьерасын аяқтамайды — футболшы басқа клуб іздеп жатыр

Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазіргі таңда Италияның «Комо» клубында тіркелген Деле Алли кәсіби мансабын аяқтау туралы ойламайды. Бұл туралы New York Times хабарлады.

29 жастағы футболшы жақын арада «Комо» сапынан кетуі мүмкін, алайда спорттық жолын жалғастыруға ниетті және жаңа клуб іздеп жатыр.

Бұған дейін La Gazzetta dello Sport басылымы Алли командадан бөлек жаттығып жүргенін және футболдан кету нұсқасын қарастырып жатқанын жазған еді. Еске салайық, ол наурызда «Комо» үшін дебют жасап, алаңға шыққан соң небәрі тоғыз минуттан кейін қызыл қағаз алған. Содан бері ойынға шықпады.

Соңғы екі жарым жылда Алли ресми түрде небәрі бір ғана матч өткізген. Оның италиялық клубпен келісімі 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Бұған дейін Деле Алли «Тоттенхэм» мен «Эвертон» сапында ойнап, Англия құрамасы үшін 37 матч өткізген.