20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Де Риддер мен Эрнандес октагонда жолығады

Де Риддер мен Эрнандес октагонда жолығады

UFC баспасөз қызметі Ванкуверде өтетін Fight Night турнирінің басты жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кештің мэйн-ивентінде нидерландтық Ренье Де Риддер америкалық Энтони Эрнандеспен күш сынасады. Де Риддер үшін бұл UFC-дегі биылғы бесінші айқас болмақ, алдыңғыларында ол бәрін жеңіспен аяқтады. Айта кетейік, оған жуырда орта салмақтағы жаңа чемпион Хамзат Чимаев та шақыру тастаған еді.

Жекпе-жекке толы турнир 18 қазанда өтеді.