Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Де Брюйне «Манчестер Ситиден» кететінін мәлімдеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Кевин Де Брюйне 2024/25 маусым аяқталғаннан кейін «Манчестер Сити» клубынан кететінін жариялады. Бұл туралы бельгиялық жартылай қорғаушы өзінің әлеуметтік желісінде жазды.

«Ситиге» 2015 жылы қосылған футболшы клуб тарихындағы ең табысты кезеңдердің куәсі болды — ол командамен бірнеше мәрте Премьер-лига чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Қазіргі таңда Де Брюйнеге Сауд Арабиясы мен АҚШ клубтарынан ұсыныстар бар екені белгілі. Оның болашақ клубы жақын апталарда анықталады деп күтілуде.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!